Войдите, чтобы оставить комментарий.
Пока нет комментариев. Будьте первым!
Өлең басы бісміллә ой деп айтады Жаратымсыз жаман сөз нені айтады сәулем-ай Бәрімізді жаратқан ой жапар құдай Құдайды айтпай әуелі Нені айтады сәулем-ай Аппақ-аппақ қояндай тасқа жаққан бояудай Жасымда айтқан өлеңді Қартайғанда қоямбай Өлең айтқым келмейді ой ерінгенде Бойым байсал тартады керілгенде сәулем-ай Жерден алтын тапқандай ой қуанамын Тақияның төбесі көрінгенде сәулем-ай Аппақ-аппақ қояндай тасқа жаққан бояудай Жасымда айтқан өлеңді Қартайғанда қоямбай Өлеңімді айтамын ой өрнекпенен Ол да ғұмыр жақсыны Көрмек деген сәулем-ай Жабы жүйрік әр жерде ой жатыр толып Жарым көзден жасы сербектелген сәулем-ай Аппақ-аппақ қояндай тасқа жаққан бояудай Жасымда айтқан өлеңді Қартайғанда қоямбай
Войдите, чтобы оставить комментарий.
Пока нет комментариев. Будьте первым!