Войдите, чтобы оставить комментарий.
Пока нет комментариев. Будьте первым!
Ойлап тұрсаң дүние шолақ екен-ау Бір-біріне адамдар қонақ екен-ау Ахау игай Қоңыржай айхой Сыңғырлаған даусыңды-ай Нешеу болсаң бір үйде сыйласып өт-ау Бұл өмірдің қызығы сол-ақ екен-ау Ахау игай Қоңыржай айхой Сыңғырлаған даусыңды-ай Келсең қалқам дәм артып Кегеніме-ау Қарсы алармын шығып ап белеңіне-ау Ахау игай Қоңыржай айхой Сыңғырлаған даусыңды-ай Көмекейде бұлбұлдың Ұясы бар-aу Қандырармын әніммен өлеңіме-ау Ахау игай Қоңыржай айхой Сыңғырлаған даусыңды-ай Түйе сұлу көрінер тайлағымен-ау Жолдас болма қалқажан қайдағымен-ау Ахау игай Қоңыржай айхой Сыңғырлаған даусыңды-ай Өз ауылы әркімнің мысыр шаһар-ау Болсын Аман ауылың аймағымен-ау Ахау игай Қоңыржай айхой Сыңғырлаған даусыңды-ай
Войдите, чтобы оставить комментарий.
Пока нет комментариев. Будьте первым!